Жиі қойылатын сұрақтар
Жеке кабинет - пайдаланушыға мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша сұраныстардың мәртебесі туралы деректерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін сайттың арнайы бөлімі.
Жеке тұлғаның ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары, олардың қамқорлығында немесе тәуелділігінде болса заңды өкілдері болып табылады.
Электрондық өтінімді e.bilimal.kz автоматтандырылған жүйесі арқылы жіберуге болады. «Өтінішті жіберу» батырмасын басқаннан кейін тіркелген пайдаланушыда мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар тізіміне сәйкес тиісті құжаттарды тіркеу қажет болатын деректерді енгізу формасы көрсетіледі.
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның меншігі мен мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық белгілер жиынтығы.
Өтінім жасалғаннан кейін сізге NCALayer қосымшасын қосу керек (қосымшаны алдымен компьютерге жүктеп, орнату керек), өтінім бланкісінде «Қол қою» батырмасын басып, тиісті қолтаңба сертификатын таңдап, парольді енгізіңіз.