Экстернат нысанында оқыту

Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру мемлекеттік қызметін Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі порталға жолданады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлы қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында сақталады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - Экстернат оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтың көшірмесі.

Экстернат нысанында оқыту Экстернат нысанында оқыту

Қызмет көрсету мерзімі

10
жұмыс күндері

Құжаттарды тапсырған сәттен бастап рұқсат етілген ең ұзақ уақыт

6
жұмыс күндері

Білім беру ұйымына сұрау салу уақыты

2
жұмыс күндері

Құжаттардың толықтығын тексеру үшін тіркелген сәттен бастап уақыт

Құжаттар тізімі

  1. 1

    Өтініш

    Қызмет алушының ЭЦҚ-сы қойылған, электронды сұраныс түріндегі өтініш
  2. 2

    ДКК қорытындысы

    Денсаулық жағдайы бойынша білім беру ұйымдарына бара алмайтын білім алушылар үшін-дәрігерлік - консультациялық комиссияның электрондық қорытындысы, 035-1/ - нысан;
  3. 3

    Үлгерім табелі

    Барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша «4» және «5» деген бағалар алған білім алушыларға - электронды үлгерім табелі;
  4. 4

    Шетелде уақытша тұру туралы анықтама

    Білім алушы ата-анасымен немесе оларды алмастыратын адамдармен бірге шетелге көшкен жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұратындығы туралы электронды анықтамасы;
  5. 5

    Шетелде оқуды растайтын құжат

    Білім алушы шетелге ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың жетегінсіз шығатын болса, көрсетілетін қызметті алушының шетелде оқитындығын растайтын электронды құжаттар;
Өтінім беру

Сондай-ақ, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру *** арқылы жүзеге асырылады:

Қызмет көрсетушінің кеңсесін
e.bilimal.kz ЖУЙЕСІ
Веб-порталы